
Жарма өңірінде дала өртінің жиілеп кетуіне байланысты мобильді топ рейд жүргізіп, төрт адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
Жарма ауданында дала өртінің жиілеп кетуіне байланысты құрамына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция және аудан әкімдігі қызметкерлері кірген жедел мобильді топ дала аймағында рейд жүргізді. Рейд барысында жемшөп дайындау жұмыстары, ауыл шаруашылығы техникаларының жай-күйі, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, газ құбырларындағы ұшқын сөндіргіштердің болуы мен жарамдылығына бақылау жүргізілді.
Рейд нәтижесінде аталған мәселеге қатысты немқұрайлылық танытқан төрт адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ жемшөп дайындау жұмыстарына жұмылдырылған адамдарға өрт қауіпсіздігіне қатысты нұсқаулар беріліп, дәрістер оқылды. Өрт қауіпсіздігі шаралары тақырыбына жадынамалар таратылды.