ҚоғамТОП

Төмен зейнетақы алатындарға автобус тегін

Биылдан бастап Семей қаласында қоғамдық көлікте жол жүру 1 және 2-топтағы мүгедектермен қоса ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін тегін болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қаланың әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

– Біздің жоспарымызда 70 жастан асқан зейнеткерлерге қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жол жүру жеңілдіктерін беру көзделген. Сондай-ақ, 1 және 2 топтағы барлық мүгедектер мен ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерді қоғамдық көлікте тегін қатынау санатына қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы қаламызда қоғамның осал тобындағы азаматтарды әлеуметтік қолдау және қорғау мәселесі басты назарда. Осыған байланысты, өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 1,3 млрд.теңге сомасына 3 мыңнан астам отбасы қамтылды. Бұдан бөлек, 283 отбасы, оның ішінде 147 көпбалалы және 85 аз қамтылған отбасы баспаналы болды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Осы айдарда

Back to top button