ТМД аумағында баламасы жоқ тұқым тазалау кешені іске қосылды
Кеше облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Глубокое ауданында болып, бірқатар құрылыс нысандары мен кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
«Екі дос» ағаш өңдеумен де шұғылданады
Облыс басшысы алдымен Ушанов ауылдық округінде орналасқан «Екі дос» ЖШС-нің өндірістік базасында болды. Әу баста туристік бағытта құрылған компания бүгінде қанатын кеңге жайып, Катонқара-ғай ауданындағы пантымен емдеу-сауықтыру орталықтары секілді кешендерді Зырян мен Бесқарағай аудандарында да қолға алмақ. Жаз маусымында «Екі достың» сауықтыру орталығында демалушылар саны 10 мың адамды құрады. Кәсіпкерлер енді өңірдегі қысқы спорт туризмі саласына қаржы құюды көздеп отыр. Аталған жобаларды толығымен жүзеге асыру үшін Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелдерден құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар мен басқа да тауарларды үздіксіз тасымалдау қажет. Осыған орай компанияның негізгі бөлімшелерінің бірі ретінде Ушанов ауылдық округінде «Екі дос и К» ЖШС құрылды. Еншілес кәсіпорынның өндірістік базасында өндірілетін құрылыс материалдары мен тауарлары өз қажеттіліктерін өтеумен бірге, отандық нарыққа шығарылады. Өндіріс өнімдері қатарында фанер, металл жабындысы, металлпластикалық жаб-дықтар, ағаштан жасалған өнімдер, қарағайдан қиып салынған үйлер, жиһаз, құм және шлакоблоктар, жұмысшылар киімі, сондай-ақ, ұлттық үлгідегі тауарлар (сырмақ,
текемет, т.б.) бар.
Аймақ басшысы өндіріс базасындағы цехтармен және қызмет-керлерге арналған қонақүй, асхана, әкімшілік корпус ғимараттарымен танысты. Компания жетекшісі Тельман Жәментіков құрылыс нысанын салу кезінде 50 жұмысшы жұмыс істесе, өндірістік база іске қосылған соң қосымша 150 жұмыс орны ашылатынын жеткізді. Әсіресе, шеттен келген қандастарымызды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жалпы, инвестиция көлемі – 220 млн. теңге. Кәсіпорын толық қуатымен іске қосылғанда 8 мың текше метр фанер шығармақ. Тельман Қабылкен-ұлы келесі жылдың мамыр айында іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорынды дөңгелетіп алып кету үшін шикізаттың жеткілікті болуы қажеттігін жеткізді. Облыс Әкімі қазіргі кезде ағаш өңдеу саласы кенжелеп қалғанын, ағаш шикізатына бай өңірдің қолда бар ресурсты дұрыс игере алмай отырғанын, сондықтан компания жетекшілеріне жергілікті билік тарапынан қолдау болатынын атап өтті.
– Тіс шұқығыш, сіріңке, қарын-дашқа дейін шетелдерден сатып аламыз. Осы сияқты шикізатты көп қажет етпейтін бұйымдарды өндірумен шұғылдану қажет. Алдымен облыс жұртшылығының сұра-нысын қанағаттандырсақ, сонан соң республика нарығына шығаруға да мүмкіндік болады, – деді өңір басшысы.
Жаңа спортзал пайдалануға берілді
Облыс басшысының қатысуымен Жоғары Березовка ауылының орта мектебінде жаңадан салынған спортзал ашылды. Биыл пайдалану-ға берілгеніне жарты ғасыр толып отырған мектеп үшін, бұл – құнды мерейтойлық тарту. Мектеп ұжымы жаңа ғимарат құрылысын мердігерлердің ойдағыдай салып бергені үшін алғыстарын білдірді. Спортзалдың киіну, жуыну-шайы-ну бөлмелері бар. Сондай-ақ, облыс Әкімі тарту еткен тренажер құрылғысы орналасқан жаттығу залына кезекке тұрған оқушылар саны да көп. Мектеп шеберханасында оқушылар қолынан шыққан ара ұясына арналған жәшіктер мен басқа да тұрмыстық қажетті дүниелер көрмеге қойылған. Білім ордасының биоорталығында оқу-шылар аквариумдердегі балық, су тасбақасы мен теңіз шөптерін, сонымен бірге, Семей қаласының хайуанаттар бағы сыйға тартқан басқа да жануарлар әлемінің тыныс-тіршілігін бақылай алады. Мектеп жылыжа-йында өсірілген гүлдер мешіт пен шіркеуге сыйға тартылған екен.
Сыныптарды аралау барысында облыс басшысы жарты ғасыр ішінде мектептен қанша түлек түлеп ұшқаны туралы сұрады. Мектеп мүдірі Виктория Бородинаның күмілжігеніне кө-ңілі толмаған облыс Әкімі бұл «Tulek.kz» бағдарламасының ойдағыдай жүргізіліп отырмағанының көрсеткі-ші екенін, мектеп түлектеріне сараптама жасалып, олардың қандай қызметпен айналысатынын анықтап, туған ауылы мен өлкесін көркейтуге шақыру керектігін жеткізді. Сонымен бірге, туристік әлеуеті жоғары Ақбауырға оқушылардың саяхатын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.
Облыс басшысы оқушыларға са-бақ үлгерімін төмендетпеу, барлық салада озық болу керектігін, бос уақытты тиімді пайдаланып, өзін-өзі еңбексүйгіштікке тәрбиелеген оқушының келешегі жарқын болатынын айтты.
– Бүгінде жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы бүкіл әлем біледі, құрметтейді. Ольганың құрметіне Өскеменнен Жеңіл атлетика манежінің құрылысын салып жатырмыз. Егер спортта, басқа да сала-
да үздік нәтижеге қол жеткізсеңіз-дер, сіздердің араларыңыздан да талай талантты азаматтар шығаты-нына сенемін, – деді облыс Әкімі.
Глубокое кентіндегі 100 төсек-орындық аудандық аурухана құ-рылысы жауапсыз мердігерлердің салдарынан уақтылы аяқталмағаны белгілі. Құрылыс барысымен таныс-қан аймақ басшысы істің сәл де болса ілгері басқанын атап өтті. Қазіргі кезде «Элхон» ЖШС жалғастырып жатқан аурухана құрылысында ша-тыры жабылмаған төрт блок қалып-ты. Яғни, А, В, А-2, А-1 блоктарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2014 жылдың 20 қаңтарына дейін аяқталмақ. Құрылыс жұмыстарына – 890 млн. медициналық құрал-жаб-дық сатып алуға – 241 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда аурухананың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухана орталықтандырылған жылы су жүйесіне қосылған. Облыс басшысы қабылдау бөлмесі, стационар, ота жасау блогы, палата, зертхана және галереяға арналған бөлмелерді аралап көрді. Аурухана ауласындағы ескі ғимаратты бұзу орнына оны бекемдеп, жас маман-дарға жатақхана ретінде беру мәсе-лелерін қарастыруды аудан әкімі Нұрлыбек Шерубаевқа тапсырды.
Бейбіт күннің батырын еске алды
Облыс басшысы Глубокое кен-тіндегі О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінде осы оқу ордасының 2006 жылғы түлегі, бейбіт күннің батыры Құрмет Ахметовті еске алу шарасына қатысты. Құрмет Әділханұлы суға тұншыққан екі баланың өмірін құтқарып, өзі опат болған жас еді. Осы орайда бейбіт күннің батырын есте сақтап, оның ерлігін үлгі тұту үшін өзі оқыған мектебіне өткен жылы мемориалдық-ескерткіш тақта ілінген болатын. Мектеп ауласында оқушылардың әскери сап түзеп, жас батырдың бейнесі қашалған тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінен соң
салтанатты шара басталды.
Құрмет Ахметовті еске алуға арналған әскери-патриоттық іс-шаралардан соң бастауыш сынып мұғалімі Қымбат Нұрахметова Құрметтің күнделігін мектеп мұражайына табыс етті.
Ата-аналары Әділхан мен Роза Ахметовтер сөз сөйлеп, ұлының есімінің ардақталып жатқаны үшін облыс басшылығына алғысын біл-дірді. Облыс Әкімі Құрмет Ахметов атындағы ауыспалы кубокті спорт-сүйер оқушыларға табыс етті.
– Қазақ халқының тарихында жерімізді, елімізді аянбай қорғаған батырлар жетерлік. Қабанбай, Наурызбай батырлар, берідегі Бауыржан, Рақымжан аталарымыздың ерліктері жеке-жеке дастан, аңыз. Осы ер тұлғалы бабаларымыздан сіңген тәрбие әрі қарай жалғасып келеді. Бейбіт кезде де өзгені қорғау үшін өз жанын берген көптеген азаматтарды білеміз. Міне, соның бірі –
жас та болса, ұмытылмас ерлік жасап, қыршын кеткен Құрмет Ахметов. Бұл Құрметтің халқына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігі. Құрметтің атына ескерткіш тақта қойып, сынып ашып, бүгінгі еске алу шарасын өткізуіміз – келешек ұрпақты ерлік-ке, адамгершілікке баулиды. Біздің міндетіміз – жас ұрпақты патриоттық-қа тәрбиелеу, – деді облыс Әкімі.
Облыс Әкімі сөз соңында аудан тұрғындарын жақсы жаңалықпен қуантты. Яғни, Глубокое кентінде келесі жылы 600 орындық, Уварова ауылында 300 орындық жаңа заманауи мектеп құрылыстары басталады.
Аймақ басшысы Солнечный ауылындағы «Астана-Бизнес» ЖШС базасында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында салынған астық тазалау жүйесі кешенін іске қосты. Сағатына 8 тонна астықты тазалауға қауқарлы кешеннің ТМД аумағында баламасы жоқ.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың айтуынша, компанияда элиталық тұқым шаруашылығының базасы қалыптасқандықтан аталған кешен бүкіл ел аумағын элиталық тұқыммен қамтамасыз ете алады. Облыс басшысы өңірдегі сатып алу қабілеті бар шаруа қожалықтарын жұмылдыру арқылы «Майлы дақыл-дар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС өнімін өткізуге қолдау көрсету керектігін атап өтті. Биыл аталған кәсіпорын гектарына – 27 центнер астық, 24 центнер күнбағыс өнімін жинаған екен. Ал облыс көлемінде бұл көрсеткіш астық бойынша – 18, күнбағыс бойынша – 10 центнерге тең.
– Шаруалардың негізгі жұмысы – астықтың өнімін арттыру, сапасын жақсарту. Мұның барлығы тұқымға байланысты екенін әрдайым айтып келеміз. «Астана-Бизнес» ЖШС басшысы Фарид Абитаевтың бүгін іске қосқан тұқым тазалау кешені қазіргі талаптарға сай. Бұл кешен біздің еккен егініміздің, алған өніміміздің сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді, – деді облыс басшысы.
Фарид Абитаев кешеннің ерек-шелігі – ТМД аумағында ең жоғары сатыдағы тазалау мүмкіндігіне ие екендігін атап өтіп, келесі жылы Краснодар қаласында осы кешеннің баламасы іске қосылатынын, ресей-ліктердің өзі бізден бір жылға қалып отырғанын жеткізді.
– Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ әлемдегі алдыңғы қатарлы үздік технологияны енгізу мәселесін алға қойды. Осы орайда жоғары сатыда-ғы тазалау желісінің технологиясын
сатып алдық. Мәселен, біздің алды-мыздағы фотосеператор – жапондық өнім, құны 70 мың еуро тұрады. Дәнді түсіне қарап тазалау қабілетіне ие. Мұндай технологиялар елімізде енді ғана айналымға еніп келеді. Астықты, ұсақ дәндерді, күнбағыс және зәйтүн өнімдерін тазалайды. Біз бүгінде Германияның «Рапуль», Белоруссияның аграрлық ғылыми-зерттеу институтымен әріптестік байланысқа қол жеткіздік. Алдағы уақытта егіннің жоғары түсімін қам-тамасыз ететін технологияны мең-геруді жоспарлап отырмыз, – деді «Астана-Бизнес» ЖШС жетекшісі.
Думан Анаш