Қоғам

Өткел он күнге жабылды

Өткел он күнге жабылды

Мұз қабатының қалыңдығы қажетті мөлшерге дейін жетпеуіне байланысты Казнаковка өткеліндегі жол уақытша жабылды. Қазір өткелде оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында тәулік бойы кезекшілік қойылған.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы таратқан мәліметке сенсек, жыл сайын өткелдегі жол мұз қабатының қалыңдығы 15 сантиметрге жеткенде ғана ашылатын көрінеді. Бүгінде өткелдегі мұздың қалыңдығы бар болғаны бес сантиметрді құрауда. Осыған байланысты екі арадағы жол шамамен он күнге жабылды.
Белгілі болғандай, өткен жексенбі күні Казнаковка өткелінде істен шыққан паром қайта тасымалдауға жіберілді. Себебі, аталмыш паром мұзды жарып өтетін арнайы белдеуімен жабдықталған.
– Өткелде күтпеген жағдай орын алған. Паром қозғалтқыштарының бірі от алмай, соның нәтижесінде кеме тоқтап қалады. Қазіргі уақытта жағдай жіті қадағалауымызда. Техникалық ақау жақын арада жойылатын болады. Паромның астыңғы бөлігі бүлінбеген, – дейді жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button