Қоғам

ТЖД қызметі су жағасында абай болуды ескертеді

Бүгінгі күні өңірде қар жабыны қалған аумақтар 15 пайыздан аспайды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

«GeoSat» компаниясының жүргізген ғарыштық мониторингі бойынша қар Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласы аумағындағы таулы жерлерде, Марқакөл қорығында, Ұлан ауданының Тайынты өзенінің бассейнінде байқалған. Қазіргі уақытта шағын өзендерден Шүлбі су қоймасына құйылатын су ағыны артуда. Осы себепті, су жіберу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы Шүлбі ГЭС-нен кестеге сәйкес 5,77 текше метр су жіберілетін болады.

Су жіберуді 3500 текше метрге дейін ұлғайту Павлодар облысының ауыл шаруашылығы алқаптарын су басуына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты, төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды Ертіс өзенінің  маңында абай болып, мал жаймағандары жөн екенін ескертеді.

Айта кетсек, су жіберу үш кезеңде жүргізіліп, мамыр айының 18 жұлдызында аяқталады.

Осы айдарда

Back to top button