Қоғам

Тиімділігі төмен мемлекеттік органдар анықталды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің аясында мемлекеттік органдардың тиімділік рейтингін анықтады.

Бағалау орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жүргізілді. Бизнестің пікірінше, тиімділігі анағұрлым төмен делініп техникалық реттеу және метрология комитеті мен оның жергілікті жердегі филиалдарының қызметі танылған. Сондай-ақ, бұл комитеттің қатарында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен қаржылық мониторинг комитеті де бар.

Ал салық және өртке қарсы қызмет органдары тиімділігі бойынша көш бастап тұр. Бұл жағдай аталған қызметтер жұмысының автоматтандырылғанымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, жауап қату уақыты, техногендік апаттар мен төтенше жағдайдағы іс-әрекеті реттелген. Мұнымен қоса, салық органдары мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өздері көрсететін қызмет түрлерін барынша көп орналастырған, осылайша есептеу мен хабарлама беру жүйесі жеңілдетілген.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button