Руханият

Тіл заңы талаптарын түсіндірді

Шемонайха ауданында көрнекі ақпараттарын еліміздің Тіл заңы талаптарына сәйкестендірмеген нысандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Усть-Таловка кентінің нысандарына жүргізген рейді барысында, еліміздің «Тіл туралы» занының 21-бабы талаптарына сәйкестендірілмеген төрт кемшілік анықталды. Нәтижесінде тексерілген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Заңның 21-бабының көшірмелері таратылды.

Жалпы, бұғына дейін де «Сауатты жарнама  –  мәдениет нышаны» айлығының аясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері Шемонайха қаласының 37 нысанына тексеру жүргізіп, заң талаптарына сәйкестендірілмеген алты кемшілік анықтаған болатын. Ол кезде де тексерілген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, танысу үшін 21-бап көшірмелерін таратты.

Бұдан бөлек, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі дәл қазіргі уақытта «Ата тек  –  ұлттық негізіміз» атты айлық жариялап, соның негізінде ел азаматтарының аты-жөнін латын графикасында дұрыс жазылуы мәселесін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Азамат Темірбеков

 

Осы айдарда

Back to top button