Қоғам

Тіл тазалығын сақтауға бағытталды

Азамат Темірбеков

Риддер қаласында кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпараттарындағы тіл тазалығының сақталуына бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл жұмыстарды арнайы құрылған жұмыс тобы жүргізетін көрінеді. Кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпараттарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыратын жұмыс тобы қыркүйек айында да осы бағытта түсіндіру жұмыстарын өткізген.

«2022 жылғы  қыркүйек айында Риддер қаласындағы көрнекі ақпарат нысандарын зерттеу бойынша жұмыс тобының мүшелерімен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бекітілген кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстарымен алты бизнес нысаны қамтылды», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Қолға алынған іс-шара барысында  кәсіпкерлерге еліміздің «Қазақтан Республикасындағы Тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдарының, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің үзінділерінен тұратын әдістемелік ұсынымдар берілді. Сонымен қатар олардағы мемлекеттік тілді меңгермеген қызметкерлер Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығында ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту курстарына шақырылды.

Осы айдарда

Back to top button