Тігіншілермен кездесті
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласында тігін фабрикасы жұмысшыларымен кездесіп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Фабрика басшысы салықтың көптігі, кадр тапшылығы, арнайы оқу орындарының жетіспеушілігі мәселелеріне тоқталды.
Салтанат Тұрсынбекова әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін қысқартуды, 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға күтім жасауды, ең төменгі жалақыны өсіруді ұсынып отыр. Көпбалалы, қиын жағдайдағы отбасылардың қарыздарын есептен шығару, толық емес отбасы мәртебесін заңдық тұрғыдан бекіту, жас отбасыларына ипотека алуда жәрдемдесу ұсынысын айтты.
Ол өзінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын Шымкентте бастағанын атап өтті. Соның арқасында қалада бірінші мемлекеттік дағдарыс орталығы ашылды.
Кандидат Астанадағы панасыз жануарларға қамқорлық жасайтын орталыққа барып, жұмысшылармен, орталық иесімен әңгімелесті, мәселелерін шешуге атсалысатынын айтты.
Салтанат Тұрсынбекова тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі бойынша алматылықтармен кездесті.