Қоғам

“Тиісті мекемеге түгел жетеді”

Өскеменге Өзбекстан мен Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті. Енді ол медицина мекемелеріне бөлініп беріледі.

Түркиядан келген жүкте үш мың дана N95 маскасы, 9 450 бірреттік тұмылдырық, 2000 қорғаныш комбинезоны, 100 қорғаныш экраны, 600 дана гидроксихлорохин таблеткасы бар. Ал Өзбекстан мемлекеті 36 250 хирургия қолғабы, 5 200 нитрилді қолғап, 5800 гигиеналық қолғап, 70 500 стерилденбеген медицина қолғабы, 58 800 стерилденбеген медицина маскасы және 58 800 кәдуілгі гигиеналық маска жөнелтті.

Келген көмекті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, құқыққорғау саласының қызметкерлері және арнайы монитроингтік топ мүшелері қадағалап тексерді.

– Келіп жеткен дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтар індеттің алдын алуға септесетіні анық. Бұл көмекті келген сәтінен бастап тиесілі мекемеге жеткенінше біз және қоғам белсенділері бақылауда ұстаймыз. Ауыл мен қалаға мұрты бұзылмай жетуін қадағалаймыз. Ешқандай жымқыруға жол жоқ, – деді департаменттің қызметкері Шыңғыс Жақыпбаев.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button