Қоғам

Темірдің ескі қалдықтарынан робот құрастырды

 Темірдің ескі қалдықтарынан робот құрастырды


Өскемендегі Красин көшесіндегі 40-ыншы үйде орналасқан құрал-саймандар сататын дүкен алдында биіктігі екі метрден асатын робот орнатылды. Жаңа қолөнер туындысы қала жұртшылығына суретке түсуге таптырмайтын орын болары сөзсіз.

Дүкен иесі Владимир Гончаров өзінің қол астындағы екі жұмысшысымен бірге роботты ескі заттардан құрастырып шығарған.

Роботты жинақтаған Владимирдің айтуынша, алдын ала ешқандай нобай болмаған. Ескі қаңқаға бұрандалар арқылы металл қалдықтарын орнатып, он күн ішінде жасап шығарған. Бір қызығы, шабыттанып жасаған салмағы зілдей құлтемірді көтеріп әкеліп орнату қиынға соққанға ұқсайды.

– Дүкенге келген сатып алушылар пайдаланылмайтын ескі металл қалдықтарын тастап кетеді. Олардың көптеп жиналып қалғаны сонша, лақтырып тастауға қимай, металл сынықтарынан осы күлкілі мүсінді жасап шығардық. Бұл бір жағынан ескі темір заттарға қойылған ескерткіш болса, екінші жағынан қалалықтарға суретке түсуге себеп болды, – дейді робот құрастырушы.

Тілеукен Тілеубердіұлы

Осы айдарда

Back to top button