Қоғам

Темір тордағылар туыстарына көмектеседі

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінде жазасын өтеуші жастар көп. Олардың ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққандар да бар.

ОВ-156/1 мекемесінің әкімшілігі заң аясында оларды жұмысқа тартып, еңбек етуге мүмкіндік береді. Жазасын өтеп жүріп тапқан ақшаны сотталғандар іс жүргізу шығындарын, талап-арыздарды өтей алады. Сондай-ақ өздерінің туған-туыстарына материалдық көмек көрсете алады.

Қазір шаруашылық қызмет көрсету жасағында 21 сотталған жазасын өтеп жатыр. Сотты болған Б. қылмыс жасап, уақытша тергеу изоляторында болған. Сотталғаннан кейін ол ақылы жұмысқа орналасып өзінің тұтынушылық несиесін төлеп жүр. Мұндағы басты мақсаты туыстарына ауыртпашылық түсірмеу.

Ал сотты болған О. ай сайын жалақысын туыстарына аударады. Темір торда отырып, туыстары үшін тер тегіп жүрген О. отбасының жалғыз тірегі.

– Тапқан ақшам аз мөлшерде болса да туыстарыма жіберемін. Қарт анам, келіншегім, екі балам бар. Жалғыз асыраушы мен болғандықтан, барынша көмек бергім келеді. Ақылсыздығымнан ба, кім білсін, қылмыс жасап сотты болдым. Бірақ отбасыма көмектесіп тұрамын, – дейді жазасын өтей жүріп, еңбекке тартылған О.

Осы айдарда

Back to top button