Техникалық төлқұжатты қалай қалпына келтіремін?
– Тракторымның техникалық төлқұжатын жоғалтып алған едім. Автотехникаларды тіркейтін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барсам мұндай техникаларды тіркеумен еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысатынын айтып отыр. Бұл мәселемен қайда жүгінуге болады?
Бәйжігіт Хуанбек Глубокое ауданы.
Сіздің сауалыңызға Ауыл шаруашылығы министрлігі төмендегідей жауап берді:
– Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, еліміздің заңнамасымен бекітілген тракторларды және олардың базаларында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға арналған тіркемелерді, арнайы құрылғылармен жабдықталған тіркемелерді қоса, өздігінен жүретін, мелиоративті және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүрімділігі жоғары арнайы көліктерді сәйкес құжаттарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бере отырып тіркеу, емтихан алу және оларды басқаруға құқық беретін төлқұжат беруді жүзеге асырады.
Заңға сәйкес, мемлекеттік техникалық инспекция жүргізу жұмыстары жергілікті атқарушы органдарға берілген. Яғни, Сіз өз сауалыңыз бойынша жергілікті жердегі ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіне аласыз.