Қоғам

Техникалық орталықтың филиалы ашылады

Семейде Қазақстан футбол Федерациясы республикалық техникалық орталығының бірінші филиалы ашылмақ. Себебі бұл қала қазақ футболының Отаны болып саналады дейді орталық жетекшісі Қайрат Адамбаев.

Техникалық орталықтың филиалы ашыладыФилиал Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан құрылмақ. Осыған орай республикалық техникалық орталықтың өкілдері жақында «Спартак» командасы және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларына арнап келер жылы болатын қазақ футболының 100 жылдығына байланысты «Футбол – баршаға» ұранымен семинар өткізді. Семинарда футболшы балалардың жас ерекшелігіне сай қабілеттілігін дамыту мәселесі қарастырылып, бейнематериалдар көрсетілді.

Сондай-ақ С.Смақов атындағы мектепте тәлім алып жүрген балғын футболшылармен шеберлік сағаттары болды. Ең соңында пединститут басшылығы жаттықтырушыларды даярлайтын және қайта даярлықтан өткізетін орталық ашуға келісім білдірді. Жаңадан ашылатын техникалық орталықтың филиалы жастарды кәсіби футболшы ретінде даярлауға мұрындық болмақ.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button