Қоғам

Техника сатып алып жатыр

Мақаншы ауылы облысымыздың оңтүстік-шығыс беткейіне орналасқан іргелі ауылдық округ. Бүгінгі күні мұнда мал санын арттыру жолында қожалықтар көп жұмыс атқарып жатыр.

Берікхан ТАЙЖІГІТ, Үржар

Әсіресе мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан істер баршылық. Солардың біршамасы мемлекеттен субсидия алудың қиындап кеткенін тілге тиек етеді. Мәселен, таяуда «Қолдау» бағдарламасы арқылы  субсидия алу  үшін 18 шаруа  қожалығы  құжаттарын өткізді.

Сол сияқты, 2022 жылға  жаңадан ауыл шаруашылығы техникаларын алып, жұмыстарын дөңгелетіп отырған қожалықтар да көп. Мәселен, биыл  «Сұңқар» шаруа  қожалығы   12 млн. теңгеге  МТЗ-82 тракторын, 14 млн. теңгеге МТЗ-952 тракторын, 60 млн. теңгеге тамшылап суғару  техникасын алса, «Назархан» шаруа қожалығы 21 млн. теңгеге тиегіш тракторын сатып алып, шаруа  қожалықтардың жұмыстарын жалғастыруда.                                                                                                                                

Осы айдарда

Back to top button