Қоғам

Тегін кітап. Қолшатыр. Арбатта ерекше орын ашылды

Кеше Өскемен қаласындағы ең әдемі көшелердің бірі – Арбатқа ерекше букшейринг орнатылды. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қала әкімінің айтуынша, мұндай нысандар қала тұрғындарына қосымша пайдасын тигізіп, қала көркіне де ерекше сән беретін болады.

Букшейринг – қаламызда қолданысқа енді енгізіліп келе жатыр. Барлығымызға белгілі, ол жерде кішігірім кітапхана орналастырылған. Тұрғындар оны қалаған уақыттарында тегін қолдана алады. Ал, Арбатта орнатылған бұл кабинаның тағы бір ерекшілігі – өзіндік фотозона ретінде де қолданылады. Сондай-ақ климаттың ауыспалығын ескеріліп, қолшатырлар да қойылған.

–        Ауа райы күрт өзгерген жағдайда адамдар сол жерден қолшатырды тегін алып, қайтадан орнына қойып кете алады. Алдағы уақытта бұл нысандар қаланың басқа да бөліктерінде пайда болады, – дейді қала әкімі.

Осы айдарда

Back to top button