Тегеран мен Ұлан-Батырға ұшады
Air Astana әуе компаниясы 2016 жылы Ұлан-Батыр мен Тегеран қалаларына жаңа рейс ашуды жоспарлауда. Бұл туралы компанияның бас менеджері Гүлнәр Сәтбаева хабарлады.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын еліміздің басты әуе компаниясының басшылығы алдағы жылдары Астанадан әлемнің негізгі бизнес қалаларына қатынайтын рейстер ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Жоспарға сәйкес, 2015 жылы Астанадан Дубайға, 2016 жылы Гонконгқа, 2017-2018 жылдары Токио, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына әуе бағыттары ашылады деп күтілуде.
Air Astana біріккен қазақ-британ әуе компаниясы болып табылатынын, оның 51 пайыз үлесі «Самұрық-Қазына» қорының бақылауында екенін атап өткеніміз орынды. Бүгінде компания 60-тан аса ішкі және халықаралық бағыттағы рейсті жүзеге асыруда.