Экономика

Тазартылған уран өндіретін зауыт салынады

Тазартылған уран өндіретін зауыт салынады«Қазатомпром» атом ұлттық компаниясымен бірге «Cameco Corporation» компаниясы тазартылған уран өндіретін зауыт салу жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Cameco президенті Ғалымжан Пірматов мәлім етті.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері мен басқа да құжаттар дайын болған соң 2018 жылдан бастап Өскеменде аталған зауыттың құрылысы басталмақ.

Ғ.Пірматовтың айтуынша, зауытты салу арқылы қосымша құны әлдеқайда жоғары тауар шығаруға жол ашылмақ. Сонымен қоса ел экономикасына инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button