Қоғам

Тазалық науқаны басталды

Өскеменде 10 сәуірден 12 маусымға дейінгі аралықта дәстүрлі екі айлық тазалық науқаны басталды. Алайда сенбіліктерге 10 адамнан артық жиналуға болмайды.

Дәстүр бойынша, көктем мезгілінің демалыс күндерінде қала тұрғындары өз үйлері мен жұмыс орындарының маңын тазартады.

Биыл тазалық жұмыстары өзгеріске ұшырап отыр. Карантиндік шектеулерге байланысты адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Сондықтан сенбіліктерге 10 адамнан артық шықпайды. Барлығы маска тағып, қолғап киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау керек. Сондай-ақ, сенбілік кезінде қол алып амандасуға тыйым салынады және қолды міндетті түрде дезинфекциялау қажет. Ал тұмау, ЖРВИ белгілері бар адамдарға сенбілікке келуге болмайды.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button