Қоғам

Тазалық жұмыстарына қатыспаған мекемелер де бар

Тазалық жұмыстарына қатыспаған  мекемелер де бар

Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тапсырмасына сәйкес облыс орталығын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша екі айлық сенбіліктер 2-қарашадан басталған болатын.

Өткен аптада жүргізілген сенбілікке барлығы 1227 адам қатысып, 24 мың шаршы метр аумақ тазаланды. Жалпыға ортақ сенбілікке қол ұшын тигізбеген мекемелер де жетерлік. Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Поломошнованың айтуынша, 16 қараша күні өткен сенбілікке бірқатар мемлекеттік мекемелер мүлдем қатыспаған. Олардың қатарында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, жер қатынастары басқармасы, медициналық және фармоцептикалық қадағалау департаменті, балық шаруашылығы мекемесі, кедендік бақылау департаменті, СЭС, ІІД, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, білім саласын қадағалау департаменті және басқа да мекемелер бар.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button