ЖаңалықтарҚоғам

“Таза Өскемен” күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Толассыз жауған жауынның салдарын жою үшін коммуналдық қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Енді қала тұрғындары көшелердегі жиналып қалған шалшық туралы диспетчерлік қызметке хабарласа алады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Таза Өскемен” КМК мәліметтері бойынша, бүгінде көшелерден жаңбыр суынан арылтуға 50-ге жуық адам мен қуатты сорғы жабдығы бар 10 машина жұмылдырылған.

-Судың қалыпты ағуын қамтамасыз ету мақсатында дренаждық жүйелер, дренажды ағынды арналар, жаңбыр қабылдайтын құдықтар мен нөсер кәріз желілері үнемі тексеріліп, тазартылып отырады, – деп атап өтті КМК.

Айта кетелік, көшелерде жиналып қалған су туралы қала тұрғындары 8 (7232) 53-25-77, 8-777-331-85-36 нөмірлері бойынша немесе @tazaoskemen Direct арқылы хабарласа алады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button