Қоғам

Тағы бір қоқиқаз әкелінді

Тағы бір қоқиқаз әкелінді


Өскемендегі хайуанаттар бағына тағы бір қоқиқаз әкелінді. Суықтан әбден әлсіреген қызыл қанат құсты Серебрянка қаласының тұрғындары тауып алыпты.

Сол жағалаудағы қорық-мұражай кешені қазір аң-құстың небір түрлерімен толығып, тіпті, көбейіп жатыр. Өткен күзде мұндағы теңбіл бұғылар төлдеген болатын. Ал пони жылқысынан туған құлыншақ қазір қоршауға симай шапқылап жүр. Енді міне. осы жердің бірнеше жылдан бергі тұрғыны – жалғыз қоқиқаздың жанына өзінің тұқымдас серігі әкелінді.

-Екеуі бірін-бірі жатырқаған жоқ. Бірден шүйіркелесіп кетті. Соңғы келгенінің тәбеті де жаман емес. Әзірге бұл қоқиқаздың еркек не ұрғашы екендігі белгісіз. Алдағы уақытта өсім болып қалуы да ғажап емес,-дейді хайуанаттар бағының меңгерушісі Зайнитдин Шамшиев.

Бұрын жалғыз отырған Фили атты қоқиғаз жалғызсырамасын деп үйрек-қаздардың ортасына да жіберіліп тұрыпты. Алайда, ол жергілікті үй құстарымен тіл табыса алмаған көрінеді. Енді теңіздің құсы теңін тапқан сияқты. Өскемендіктер хайуанаттар бағына барса, қос қоқиқазды қатар тамашалай алады.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button