Қоғам

Тағы бес балабақша пайдалануға беріледі

Тағы бес балабақша пайдалануға беріледі

Биыл Семей қаласында мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесіндегі мекемелер тапшылығын жою мақсатында тоғыз жаңа нысан пайдалануға берілді. Онда бүгінде 700-ден астам бала тәрбиеленуде.
Олардың ішінде «Бәйшешек» балабақшасы мен сегіз шағын орталық бар. Қазіргі таңда осы мекеменің әрқайсысында балақайлардың лайықты деңгейде тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Осы орайда айта кетер тағы бір жайт, жыл соңына дейін Семейде 270 балаға арналған тағы екі шағын орталық ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, қала басшылығының хабарлауынша, алдағы уақытта шаћарда бес балабақша пайдалануға беріліп, онда 1300-ге таяу бала тәрбие алатын болады. Бұл нысандар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынбақ. Концессияонер ретінде «KAZ-AZMECO» серіктестігі таңдалыпты.
Бұған қоса, Семей қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде шаћарда екі инвестициялық жобаны жүзеге асыру да жоспарланған. Олардың ішінде қалаға қарасты екі кентте сәйкесінше 230 және 280 орынға шақталған балабақшалар құрылысы да бар.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button