Тасқынға тас түйін дайын болуды тапсырды
Өңірдегі қалың қардың көбесі сөгіліп, көпшілікті әуре-сарсаңға салатын көктем мезгілі де жақын қалды. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ кеңейтілген аппараттық кеңес барысында осы мәселеге арнайы тоқталып, су тасқыны қаупі бар маусымға қазірден бастап қамдану қажеттігін, дайындық шараларын дер кезінде қолға алу керектігін тапсырды.
«Қазгидрометтің» алдын ала жасаған болжамдарына сенсек, биылғы көктемде өзен-көлдерде су қоры мол болуы мүмкін. Ал ақпан-наурыз айларында жауын-шашын нормадан жоғары болатын болса немесе күн күрт жылынып кетсе бірқатар өзендер арнасынан асып, жўртқа қауіп төндіруі кәдік.
«Қазгидрометтің» көпжылдық синоптикалық болжамдарына сүйенсек, біздің облыста өзендердегі су деңгейінің көтерілуі наурыз айының екінші онкүндігінен басталып маусым айының екінші онкүндігіне дейін жалғасады деп күтілуде.
– Қалалар мен аудандардың әкімдері тасқын қаупі бар жерлерді анықтап, дайындық жўмыстарын алдын ала жүргізулері тиіс, – деді аймақ басшысы.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының берген мәліметтеріне жүгінсек, су тасқыны қаупі бар маусымға дайындық жўмыстары жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Департамент жергілікті атқару органдарымен бірлесіп төтенше жағдайларды ескертуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүйелі түрде жүргізуде. Аталған мекеменің мамандары да тасқын қаупі туған кез келген уақытта төтенше жағдаймен күресуге тас түйін дайын.
Тўрғындардың, коммуникациялар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселезащита» мекемесі қар көшкіні қаупі бар аймақтарды бақылауда ўстап отыр.
Қар көшкіні қаупі күшейген кезде қауіптің бетін қайтарып, алдын алу шараларын жүргізу үшін департамент арнайы ўйымдармен келісімшартқа отырған.
Қазіргі уақытта облыста қараусыз қалған су қўрылыстарының мәселесі толық шешімін тапқан көрінеді. Сонымен қатар, жиында гидротехникалық қўрылыстардың көктемгі тасқынға дайындығы да сөз болды.
Айта кетейік, наурыз айының 1-нен бастап облыстағы қардың еруі мен сел тасқыны қаупі бар аймақтарға ғарыштан бақылау жүргізілетін болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі