Ташкенттен жеті медаль әкелді
Өзбекстан астанасы Ташкентте жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Орталық Азия елдерінің дәстүрлі халықаралық жарысы өтті. Осы жарысқа еліміздің атынан қатысқан шығысқазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс жүлде иеленді.
Жеңіс туын желбіреткен жерлестеріміздің арасында екі бірдей алтын медальға қол жеткізген Евгений Архиповты ерекше атап айтуға болады. Желаяқ жігіт әуелі 400 метр қашықтыққа жүгіруден жекелей сында топ жарса, артынша командаластарымен 4×400 метрлік эстафетада үздік атанды. Бір айта кететіні, онымен бірге эстафетада Қазақстан чемпионы, өскемендік Жандос Құмарбеков та жүгірді. Үшінші алтын медальды биіктікке секіруден өнер көрсеткен Надежда Дубовицкая қоржынға салды. Семейлік жеңіл атлеттің ең жоғары көрсеткіші – 183 метр.
Сонымен қатар 1500 метрге жүгіруден риддерлік Мөлдір Сейтханова, 4×200 метрлік эстафетаға жүгіруден глубокоелық Владислав Сутягин мен семейлік Тимур Парыгин,60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өскемендік Мирас Қайдаров және ядро лақтырудан Варвара Назарова күміс жүлдегерлер атанды.
Шығыс Ақпарат