Тарбағатайдың кер маралы

Азамат Темірбеков
Тарбағатай өңіріне таңсық жабайы жануарлардың бірі марал екені рас. Дегенмен, арнайы қорғауға алынған табиғаттың бір бөлігінде аталмыш тұяқты жануар мекен етеді.
Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тұяқты жануарларының бірі – марал. Ол – бұғылар тұқымдасына жататын ірі жануар. Тұғымдастарына қарағанда ерекше жануардың бойының биіктігі 130-160 сантиметрге дейін, ал денесінің ұзындығы 2,5 метрге дейін жетіп, салмағы 300 келіден асуы мүмкін. Жануардың түсі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Жазда қара-қоңыр түсті, құйрығы мен жамбасы ашық түске айналса, қыста маралдың жоны сұрғылттанады.
Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-сапарлар барысында маралдың мекен ететін аумақтары анықталып, фототұзақтар орнатылған болатын. Нәтижесінде, жануарларды кездестіріп, көзбен көруге мүмкіндік туды.
Р.Қабсаметов, «Тарбағатай» ұлттық паркінің ғылыми қызметкері