Қоғам

Тарбағатайдың ауылдарында жаңа үйлер салынып жатыр

Тарбағатай ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасы бойынша мұқтаж жандарға арналған қоспәтерлі 25 тұрғын үй салынып жатыр. Оған 554,4 млн теңгеге қаржы бөлінген. Бұл туралы аудан әкім Асхат Смайлов мәлім етті.

Аймақ басшысының бастамасымен биыл ауданда «Бір қабатты Шығыс» жобасы бойынша әрі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жалпы ауданы 3960 шаршы метр болатын қос пәтерлі 25 тұрғын үй, яғни 50 пәтер салуға 554,4 млн теңге бөлінді. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үйлер мұқтаж отбасыларға берілетін болады. Бір пәтердің ауданы – 60,90 шаршы метр,  дейді Асхат Смаилов.

Атап айтсақ, Ақсуат ауылында қоспәтерлі 10 үй салынса, Ақжарда дәл осындай тоғыз тұрғын үй бой көтереді. Сондай-ақ Екпін, Маңырақ, Жаңаауыл, Жетіарал, Құйған, Жалаңаш ауылдарының әрқайсында қоспәтерлі бір тұрғын үйден болады.

Didar ақпарат

 

 

Осы айдарда

Back to top button