ЖаңалықтарТОП

Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды

Бүгін Өскемен қаласының тұрғындары таңның атысымен Тарбағатай ауданының мәдени күндері аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеде жолықты.

Елі ішінде еті дәмді саналатын Тарбағатай ауданының өзге де ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс жоғары екенін жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасынан аңғаруға болатындай, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жәрмеңкеге туған жердің дәмінен алсақ деген тарбағатайлықтар көптеп келіпті. Базар алаңына үш қатар орналасқан жайма сөрелерде мал еті, балық, сүт өнімдері және балдың түр-түрі самсап тұр. Әсіресе құрт пен сары май, қымыз бен сүт өнімдерін алушылар көп болды. Бұл жолғы жәрмеңкеде тарбағатайлықтар 8 тоннаға жуық ет, 3 тонна балық және 75 кг шамасында сүт өнімдерін саудалады.

– Жәрмеңкеде ауылдың табиғи әрі сапалы өнімдерін қолайлы бағада алуға мүмкіндік көп болады. Сондықтан да бүгінгі жәрмеңкеге таңмен таласа келгенбіз. Туған жердің дәмін алайық деп келдік. Ең әуелі ет алдық. Тарбағатайдың еті мен үшін ең дәмді ет. Сол себепті 35 кг жылқы етін алдым. Енді қарыныдаған сары майдан алсама ба деп бара жатырмын, – дейді қала тұрғыны Гүлнәз Қырықбаева.

Жәрмеңкеге жергілікті саудагерлер де еттері мен өнімдерін сатуға шығарыпты. Ауылдан келген жайылымдағы малдың етін алсақ деген тұрғындар Тарбағатайлық сатушылардың өнімдерін көбірек әкетіп жатты. Саудаласу барысында шамалы баға түсіргендері болмаса сатушылар ортақ бағаны тұрақты ұстап тұрғандарын байқадық. Жылқы еті 2400 теңгеден басталса, сиыр етінің бағасы  2000 теңгеден басталып сатылды.

– Осындай жәрмеңкеге үнемі қатысып тұрамыз. Біз бүгін екі ірі қараның етін әкелдік. Тез сатылып кетті. Қазір сатылымда мал көп болғандықтан баға арзан тұр. Жалпы қалаға осылай өз өнімдерімізді көлемді түрде әкеліп сатып тұруға мүмкіндік болса жақсы болар еді. Өйткені бізде және өзге де шаруашылықтар да көп көлемде әкеліп өз өнімдерін сатуға мүмкіндік бар. Егер қалада көтерме сауда орталығы болса жиі-жиі өнімдер әкеліп тұруға болады ғой, – дейді Құйған ауылында орналасқан «Шұғыла» шаруа қожалығының өкілі Гүлнәз Хамиева.

Жәрмеңкеге жиналған жұрт «Туған жер – алтын бесігім» атты концертті тамашалап, ұлттық ойындар сайсына қатысты. Базарға келіп бақ сынаған жұрттың қатысуымен арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес, қошқар көтеру сайыстары өтті. Қол күрестен ерлер арасында Қабденов Жалғас есімді қатысушы, әйелдер арасында Сәрсенбаева Динара есімді қатысушы жеңіске жетсе, қошқарды 160 рет көтерген Солтанов Әділет жеңімпаз атанды. Осылайша өскемендіктер сенбінің таңында өнерпаздардың өнерін тамашалап, сауда-саттықтарын жасап қайтты. Сондай-ақ Тарбағатай ауданының мәдени күндеріне орай қаланың әр жерінде түрлі іс-шаралар легі жалғасатындығынан жәрмеңкеге жиналған жұрт құлағдар болып қайтты.

Алтай Ғали-Асқар

Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды Тарбағатай өнімдері Өскеменде сатылды

Осы айдарда

Back to top button