Аймақтар аухалыОблыс әкімі: іссапарТОП

Тарбағатай Мұнай: кәсіпорынның қоры қанша?

“Тарбағатай Мұнай” кәсіпорнына инвесторларды тарту көзделген.

Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев Тарбағатай ауданына іссапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО әкімі “Тарбағатай Мұнай” кәсіпорнында болып, жұмыстарымен танысты. Аталмыш кәсіпорын бүгінде аймақты табиғи отынмен қамтамасыз етіп отыр. Болжам бойынша “Тарбағатай Мұнайдың” қоры бүгінде шамамен 99 миллион тоннаны құрайды. Оның ішінде С1 санаты – 49 миллион тонна және С2 – санаты да 49 миллион тоннадай.

Сонымен қатар, кәсіпорынды одан әрі дамытуға инвесторларды тарту керектігі де айтылды.

– Кәсіпорын жұмысын бастағалы бері мұнда 300 миллион доллардай қаражат салған. “Тарбағатай Мұнайдың” басшыларымен сөйлескенде инвесторлардың барын айтты. Бірақ оларды шақырмас бұрын дайындық керек. Оған ұтымды ұсыныс дайындауымыз қажет. Егер олар ақша салуға келіссе, газ мәселесі де шешіледі. Сондықтан осындағы мұнай қорын тағы да тексерістер жүргізіп, нақтылап алу керек, – деді облыс әкімі.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button