Қоғам

«Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атанды

«Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атанды

Жаңа жыл қарсаңында Тарбағатайдың тумасы, саналы ғұмырын туған ел мен жерге қызмет етуге арнаған қадірменді қария Шәйкен Нұразханов «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атанды. Құрметті атақтың төсбелгісі мен куәлігін Шәйкен ақсақалға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков үйіне апарып табыс етті.
Бүгінде жетпістің жетеуіне келген Шәйкен ақсақалдың да өмір жолы, тіршілік-тынысыТарбағатай ауданымен тығыз
байланысты. Ол аудан экономикасының өсіп-өркендеп, кең қанат жаюына зор еңбек сіңірді. Тарбағатай ауданында басшылық қызметтерді абыроймен атқарған Шәйкен ақсақал кейіннен Зайсан, Глубокое аудандарында да басшылық қызметте болды.
– Шәйкен ағаның есімін кішкентай кезімізден-ақ жақсы білетінбіз. Ол кісінің сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы мен қызметі бізге әрқашан да үлгі, өнеге болатын. Енді, міне, Тарбағатай аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен Шәйкен ақсақалға аудан-ның құрметті азаматы атағы беріліп отыр. Біз бұған өте қуаныштымыз, – деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сәумен Жақаев.
Талай жылғы еңбегінің еленгеніне Шәйкен ақсақалдың өзі де ерекше қуанып қалды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button