Қоғам

Таптаурын қалыптан арылу қажет

Таптаурын қалыптан арылу  қажет


Ұлан ауданы Саратовка ауылындағы «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі» – өзінің дәрежесін толық сақтап қалған аздаған білім беру мекемелерінің бірі. Колледж, міне, сексен жылдай дерлік тек Шығыстың ғана емес, сонымен қатар бүкіл еліміздің агросекторы үшін қажетті мамандар дайындап келеді.

Нақ сол себептен оқу орнында және заман талабына орай колледж ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, ал оның барысында облыстың барлық аудандары мен қалаларының бас ветеринарлық дәрігерлері, колледждің студенттері, ветеринарлары мен оқытушылары, облыстық құрылымдар – облыстық ветеринария басқармасы және «Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілдері келелі әңгіме өрбітті.

Тақырып барлық уақытта да өзекті, әсіресе қазіргі кезде, себебі біз егер медицина тікелей нақты адамды емдесе, ветеринария бүкіл адамзатты емдейтінін жақсы білеміз және түсінеміз. Өйткені нақ сол дені сау табынға және біздің ветеринариялық қауіпсіздігімізге, жалпы алып айтқанда, тұтастай ұлт денсаулығы да, елдің азық-түлік қауіпсіздігі де тәуелді.

– Бүгін біз облыстың барлық аудандары мен қалаларының бас ветеринарлық дәрігерлерін, колледж ветеринарларын – оқытушылары мен студенттерін дөңгелек үстел басына бетпе-бет, бір-бірімізді жақынырақ танып, естуіміз үшін жинадық, – деп атап өтті облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Шыңтеміров. – Ветеринариялық қызмет алдында тұрған міндеттердің маңызын және жауапкершілігін түсіне отырып, біз бүгін шаблондардан арылуымыз қажет, заман ағымына ілесуіміз, өз жұмысымызда теорияны практикамен тығыз байланыстыруымыз қажет. Егер мәселен, шетелден малды әкелсек, оны сол жақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен емдеуге де тиіспіз. Бұған қазірдің өзінде болашақ ветеринария еңбеккерлерін және қазір істеп жүрген мамандарды үйрету керек. Қайталап айтамын, ветеринариялық қызметтің көздеген нәтижеге жетудегі табысының аса маңызды, анықтаушы факторы – бұл теория мен практиканың тығыз байланысы, ертең өндіріске келетін сауатты және жауапты мамандарды даярлау. Біз барлығымыз бүгінде ветеринарияда ұсақ-түйектердің жоқ екенін нақты меңгеруге және әрдайым жадымызда сақтауға тиіспіз, малдың тіпті сырғасы да айтарлықтай өзіндік рөл атқарады, себебі бәрі де нақ осы есепке алудан басталады. Нақ осы параметрлерде біз бүгінде жас мамандарды оқытуға, оларда таңдаған ісіне деген адалдық және кәсіби парызды атқарудағы жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеуге тиіспіз.

Кездесуге қатысушылар тікелей өндірістік учаскелерде ветеринарлық мамандар сұранысы мен қажеттілігі, «Ветеринария» мамандығы бойынша практикалық оқытуды, шаруа қожалықтарында және ветеринария қызметтерінде барынша тиімді іс-тәжірибені дұрыс ұйымдастыру және жүргізу, агроөнеркәсіп кәсіпорындарында іс-тәжірибеден өту кезеңінде оқушыларды ынталандыру, жас мамандардың – түлектердің тұруы, кейін еңбекпен қамтылуы үшін тұрмыстық жағдайларды ұйымдастыру аясында еркін форматта өзара мүдделі әңгіме жүргізді.

Бородулиха ауданынан КМК директоры Тамара Буцких, Көкпектіден – Кенжебек Терин, Шемонайхадан – Марина Лапина, Глубокоеден – Әбілсейіт Әубәкіров, Бесқарағайдан – Мұрат Сағытбеков, Ұланнан – Жұмағазы Оразалин, Өскемен қаласынан – Ерлік Ордабаев, Семей қаласынан – Естай Әлімбеков және өзге қатысушылар мақсаттар, міндеттер, қордаланған мәселелер, олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – ветеринария кадрларының тапшылығы туралы айтты.

– Бізде бос орындар бар, ветеринар кадрлар аса қажет болып отыр, – деп атап өтті Бородулиха КМК директоры Тамара Буцких. – Тікелей КМК-ға екі, шаруа қожалықтарына бес мал дәрігері керек. Бастапқыда біздегі еңбекақы – 80 мың теңге, ал ары қарай адамның өзін қалай көрсететініне байланысты. Шарттар төмендегіше – тұрақты жұмысқа расымен де жұмыс істейтіндер ғана, яғни мүдделі адамдар ғана барсын. Орташа жұмыскерлердің жалақысы – 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін. Өкінішке қарай, түлектер бізде ұзақ тұрақтамайды, тек бір ғана адам қалды. Егер ниет білдіргендер болса, келіңіздер, тұрмыс пен жұмыс үшін жақсы жағдайлармен қамтимыз. Жеңілдіктерді айтпай-ақ қояйын, өңірімізге келген соң көресіздер, ал біздің өңір керемет…

– Ауданымыз жақсы, өмір сүруге болады, – деп атап көрсетті Зырян ауданы КМК директоры Әлқожа Бөстеков. – Зейнеткерлікке үш адам кеткелі жатыр, сондықтан мамандар керек. Біздегі шаруашылықтарға, кейін КМК-ға іс-тәжірибеге келіңіздер. Көлік бар, 82 мың теңге жалақы төлейміз. Күтеміз!

– Біздің қаламызда бос орындар жоқ, – деп хабарлады Семейдің өкілі. – Бірақ тағы 14 округіміз бар, ол жерлерде ветеринар мамандар қажет. Біздің КМК-ға қосымша 20 миллион теңге бөлінді, бүгінде ветеринариялық бекеттің меңгерушісі 130 мың теңге алады.

– Ветеринар мамандарға деген сұраныс бізде де бар, жас кадрларды асыға күтеміз, – деп атап өтті Абай ауданы КМК директоры Мәдениет Айқымбаев. – Мен сіздердің колледждеріңіздегі мамандардың оқытылуы және кәсіби даярлықтан өтуі мәселелері бойынша жақсы пікірдемін.

Таптаурын қалыптан арылу  қажет

Диалог барысында бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі – жас мамандардың компьютерлік сауаттылығы мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша нақты ақпаратты «Ветеринария» мамандығы бойынша оқытушы Гүлжанат Құсайынова берді, ол жиналғандарға осы мәселені шешу үшін оқу орнында нақты не атқарылып жатқанын мәлімдеді:

– Колледж оқушыларының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында модульдік оқыту бағдарламасы бойынша қосымша сағаттар мен оқу жүктемесі бөлініп берілді, қажеттіліктеріне байланысты ИСЖ, ЕАСУ бағдарламалары бойынша оқыту енгізілді. Бір сөзбен айтсақ, заман ағымынан қалмауға тырысып келеміз.

Іс-тәжірибеден өту кезеңінде тұрғылықты жаймен қамтуға, ары қарай мамандық бойынша жұмысқа орналасуға қатысты өз ұсыныстарын пікірсайысқа қатысқан ветеринар-студенттер де жеткізді. Қасым Қайсенов кентінен келген төртінші курс студенті Еркегүл Қуат бүгінде меңгеріп жатқан мамандығы өзіне ұнайтынын, жұмыс орнын тауып қойғанын да айтты, колледжді бітіріп, диплом алған соң ол Ұлан ауданындағы «Ұлан мал дәрігері» КМК-ның штатына жұмысқа алынады.

– Жуырда біз кәсіптік-техникалық училищелер арасында кәсіби шеберлік бойынша облыстық сайыс-конкурс өткіздік, – деп атап өтті «Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы» КММ директоры Ришат Рамазанов. – Бұл кәсіби бағдарлау ісін жетілдіру және мамандықты насихаттау үшін тамаша мүмкіндік, сол себепті сіздердің мамандықтарыңызды да осындай сайыс-конкурсқа енгізуді ұсынамын. Шарттарын бірге әзірлеп, жұмыс істейтін боламыз. Осындай конкурстарда еңбекпен қамту мәселелерінің де оң шешімін табатыны аса маңызды, өйткені жұмыс берушілер қатысушыларды көзбен бақылап, үздіктердің үздігін нақ сол жерде таңдап алады. Осы ретте біз ғылым мен практиканың тығыз байланыста жұмыс істеуі үшін өте маңызды қадам жасаймыз деп санаймын.

Дөңгелек үстел жұмысының соңында облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Шыңтеміров және ШҚ ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Оралбек Оспанов тараптардың ынтымақтастық салалары көрсетілген меморандумға қол қойды. Бұлар, атап айтсақ, бірлескен дөңгелек үстелдерді, ашық іс-шараларды әзірлеу және өткізу, ветеринария еңбеккерлерінің біліктілігін арттыруды, ветсанитарларды, лаборанттарды, қолмен ұрықтандыру бойынша және малдарды ветеринариялық өңдеу бойынша операторларды дайындау бойынша қысқамерзімді курстарды өткізу саласындағы тығыз ынтымақтастық, оқу бағдарламаларын түзету бойынша бірлескен жұмыстар өткізу, түлектерді жұмысқа орналастыруға және студенттердің практикалық оқуын жүргізуге және өндірісте оқытушылар біліктілігін арттыруға көмек көрсету.

Нақ осы жерде, колледж қабырғасында «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізу дөңгелек үстелдің қисынды жалғасы секілді болды. Онда 11 колледж студенті өздеріне нақты жұмыс орнын таба алды.

Өткен дөңгелек үстелдің теория мен практиканы нығайту, жас мамандарды оқыту сапасын арттыру, оларды ары қарай жұмыспен қамту жолындағы маңызды қадам болары және халықтың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жауап беретін ветеринариялық қызметті нығайтуға септесері сөзсіз.

Василий Халепа

Осы айдарда

Back to top button