Қоғам

Тапсырмалар мүлтіксіз орындалады

Ержан Әбіш

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыға бірдей әділетті мемлекет пен өркендеу қоғамын қалыптастыруға бағытталған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауы партияға ерекше жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеуде.

Осы тұрғыда жаңарып келе жатқан Amanat партиясы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, оларды іске асыруға белсенді қатыспақшы. Партия еліміздің саяси өмірінде ерекше орын алады және өз жұмысын ел игілігі үшін жалғастырады.

– Жолдау ел дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді. Бұл құжатты «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген жаңа, әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің жалғасы десек болады. Жолдауда Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын бес бағдарды атады, – дейді аманаттықтар.

«Қазір проблемаларды тез шешу маңызды». Осылай деген облыстық партия филиалының төрағасы Даниал Ахметов партия мүшелерін Мемлекет басшысының бастамаларын жан-жақты қолдап, тапсырмаларын жеделдете орындауға үндеді.

Осы айдарда

Back to top button