Қоғам

Танымал суретшінің көрмесін тамашалады

Шырайлы Шығыс  жазушылардың, суретшілердің, ақындардың және басқа да шығармашылық тұлғалардың кешін өткізетін мекенге айналып келеді. 

Жаһанды жайлаған індеттен туындаған ұзақ шектеулер көп дүниелерге кедергі болды.  Қалыпты өмірге оралғаннан кейін Шығыс Қазақстан өнер музейі есігін қайта айқара ашты.  Мұражайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесі Алпысбай Қазғұловтың «Уақыт сәулесі» атты  жеке көрмесі өтуде. Әлемге танымал суретші сегіз мыңға жуық кескіндеме туындыларының авторы, коллекционер, меценат, “Парасат” орденінің иегері, еуропалық  Масарика атындағы  сыйлықтың иегері Алпысбай Қазғұловтың көрмелері Бельгия, Қытай, Түркия, Ұлыбритания, Ресей, Жапония, Нидерланды елдерінде өтіп, талғампаз еуропалықтарды да таңғалдырған.

Осындай даңқты суретшінің кең ауқымды көрмесінің  Өскемен қаласында өтуіне аймақ басшысы ұйытқы болды. Облыс әкімі Даниал Ахметов көрмені тамашалап, Алпысбай Ниғметұлымен сұхбаттасып, ерекше әсерін білдірді. «Өнертанушылар арасында Алпысбай Қазғұловты “түстерді бағындырушы” деп атайды, ол түрлі жанрлар мен түрлі-түсті гаммаларда жұмыс істейді. Мен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының нағыз талантты адамның картиналарын көруге мүмкіндігі бар екеніне өте қуаныштымын, – деді аймақ басшысы.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button