Экономика
Тамызда электр қуаты арзандайды
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаевтың ақпаратына сенсек, тамыздан бастап Шығыс Қазақстанда электр энергиясының бағасы арзандайды.
Нақты айтқанда, жеке тұлғалар үшін қосымша құн салығын қосқанда орташа сатылым бағасы 1 кВт/сағатқа 8,99-дан 8,93 теңгеге (0,7 пайызға) арзандаса, заңды тұлғалар үшін 11,56-дан 11,48 теңгеге дейін төмендемек.
Сонымен қатар, өңірде қуат көзін тұтынудың мөлшері мен уақытына байланысты заңды және жеке тұлғалар үшін дифференциалды тариф те қайта қаралмақ.
Шығыс-Ақпарат