Қоғам

«Тальго» уақытша тоқтатылады

«Өскемен – Алматы» бағытында қатынайтын «Тальго» пойызы уақытша тоқтатылады.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай мен енгізілген карантинге байланысты жолаушылар бұрынғыдан азайған. Сол себепті «Өскемен – Алматы», «Орал – Алматы» бағыттарындағы екі коммерциялық жолаушылар пойыз, яғни «Тальго» тоқтатылады. Бұл пойыздың соңғысы Алматыдан 1 тамызда, ал Өскеменнен 2 тамызда шығады.

– Одан ары қарайғы уақытқа билет алғандар қайта өткізе алады. Ешқандай комиссия ұсталмай, жолаушылардың қаражаты толық қайтарылады, – деп жазылған компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button