Қоғам

Талапқа бағынбағандар жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 10 адам суға кетсе, оның жетеуі шомылу маусымы кезінде ажал құшқан екен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кету керек, жаз шыққалы бері құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілерден құралған арнайы топтар адам қарасы көп жиналатын демалыс орындарын жүйелі түрде тексерумен келеді. Бүгінге дейін аталмыш топтар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыстағы өзен-көлдер жағалауларына екі мыңнан астам рейд жүргізген. Соның нәтижесінде жүзге тарта адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған.

«Профилактикалық рейдтердің нәтижесі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабымен (алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйде жүру) 47 азамат, ал 364-бабымен (ортақ су пайдалану қағидаларын сақтамау) 48 адам жауапкершілікке тартылды», деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button