Қоғам

Талап бұзушылар азайып келеді

ШҚО-да мобильді топ күнделікті рейд жүргізуде. Мұндағы басты мақсат – санитарлық талаптың сақталуы. Ендеше демалыс күндері шығысқазақстандықтар талап бұзды ма, соған жауап берсек.

1 мамыр күні Өскемендегі 148 нысан бақылаудан өтті. Рейд барысында 3 ережебұзу фактісі тіркелді. Сол баяғы маскалық режим сақталмаған.
Ал Семейде 300-ден аса нысан тексерілді.1-2 мамыр аралығында 4 тұрғынның санитарлық талап сақтамағаны белгілі болды. Алайда хаттама толтырылып, айыппұл алынбады.
Риддерде, әдеттегідей, 5 рейд өтті. Жүзге жуық нысанда талап бұзғандар анықталмады.
Курчатовта да ереже бұзған тұрғындар жоқ.

Абырой болғанда аты аталмаған аудандарда шектеу шаралары сақталған.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button