ТОП

Талантқа тұсау жоқ

Қарағанды қаласында арбадағы спорттық биден өткен ел біріншілігінде Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының түлегі Әлібек Төлегенов тамаша өнер көрсетті.

Ұстазы Әсем Асхатова екеуінің өнеріне жиылған жұрт тәнті болды. Сайыстың бірінші кезеңінде «Латино» номинациясы бойынша Әлібек Төлегенов І орынды жеңіп алды. Ал «Фристайл» номинациясы бойынша спорттық би сайысында Әсем Асхатова екеуінің жұбы үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ олар «Сингл мужчина» және «Дуо Стандарт» номинациялары бойынша II орынды иеленді.

Жалпы, Әлібек – республикалық, халықаралық спорттық би жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегері.

Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін сайыстарға белгілі меценат Рысқан Жанкүшікова мен спорттық би жұбының бапкері Наталья Анистратова ханымдардың қосқан үлесі аз емес екенін атап өткен орынды.

Берікхан Тайжігіт

Осы айдарда

Back to top button