
Өскемен гарнизоны Жаңа Ахмер оқу-жаттығу полигонында артиллериялық бөлімшелердің бір айға жуық тактикалық дайындығын пысықтады.
– Бұл артиллерия бөлімшелерінің далалық шығуы деп аталады. Мұнда механикаландырылған бригаданың артиллериялық дивизионы және 1-2 мотоатқыштар батальонының минаатқыштар батареясы келді. Тактикалық сабақта жауынгерлердің атыс, арнайы, саптық, инженерлік, дене дайындығы және басқа да оқу пәндерін оқу барысында алған барлық білімдері, біліктіліктері, дағдылары біртұтас кешенге біріктіріледі. Айта кетейік, әскери оқытудың басқа ешқандай пәні дәл осы секілді шынайы ұрыс жағдайына өтпейді. Тактикалық дайындық тақырыптарын пысықтау аяқталғаннан кейін әрбір сарбаз ұрыстағы өзінің жауынгерлік міндетін, қару-жарағының жауынгерлік мүмкіндіктерін білетін болады, – деді артиллерия бөлімінің бастығы, подполковник Бауыржан Назымбеко
Сурет: шартты