Ауа райыТОП

Тағы да аптап ыстық – ШҚО

ШҚО-да ертең күн тағы да ыстық болады.

“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 18 шілдеде облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық сақталады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Төтенше жағдай қызметі аймақта өрт қауіпі жоғары екенін ескертеді.

Сақтық шаралары жайлы ұмытпаған жөн:

  • мүмкіндігінше қатты ыстықта көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11.00-ден 17.00-ге дейін;
  • Тек жабдықталған орындарда шомылу қажет, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз;
  • төтенше өрт қаупі сақталған аудандарда ашық отты қолдануда өте сақ болу керек, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге болмайды;
  • автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз;
  • орманға барудан аулақ болыңыз;
  • ТЖ туындаған жағдайда “112”қоңырау шалыңыз.

 

 

Осы айдарда

Back to top button