Қоғам
Тағы да жәрмеңке. Қай ауданнан?

Бүгін демалыс деп үйде жата берсеңіз, қызықтың бәрінен құр қалайын деп тұрсыз. Неге? Өйткені…
3 сәуір күні облыс орталығында дәстүрлі ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Бұл жолы қала тұрғындары мен қонақтарына Катонқарағай және Көкпекті аудандары өздерінің өнімдерін арзан бағада ұсынады. Жәрмеңке таңертең сағат 8.00-ден 15.00-ге дейін ұйымдастырылады. Егер Катонқарағай ауданының өнімдерін алғыңыз келсе Сәтпаев даңғылындағы «Фрешмаркет» сауда орталығына, ал Көкпекті ауданының өнімдерін Виноградов көшесіндегі «Дос-Нар» базарына барыңыз.
Балауса ҚОЖАЕВА