Тағы да айыппұл салынды
«Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс!». Дәл осы ескерту күнделікті айтылып жүр, бірақ тыңдап жүргендер саусақпен санарлықтай ғана. Осының кесірінен індетті ауыздықтау қиынға соғып жатыр.
15 ақпан күні Өскеменде шектеу режимін бұзу бойынша 10 факті тіркелді. Азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде, сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерде карантин талаптарын бұзғандарға айыппұлдар салынды. Жалпы сомасы – 481 305 теңге. Семейде маскалық режимді бұзудың 28 жағдайы анықталды. 379 210 теңге көлемінде 2 хаттама толтырылып, 218 755 теңгеге 5 айыппұл салынды. Риддерде қоғамдық орында маскасыз жүрген бір тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл – 43 755 теңге. Глубокое ауданында карантин талаптарын бұзу бойынша 3 жағдай тіркелді. Климов П.В., Сальникова И.А., Сальников Е.С. есімді тұрғындар маска тақпаған. Айыппұлдардың жалпы көлемі – 131 365 теңге. Шемонайха ауданында дүкенде маскасыз жүрген К. Байтуканов есімді тұрғынға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды
Didar ақпарат