Тағы да айыппұл
Біздің өңірдің халқы ақтаулықтар сияқты паркингте (гараж) той жасап, әлеуметтік желіні шулатпаса да, шектеу шараларын бұзудан кейін қалып тұрған жоқ. Күнде тексеру, күнде айыппұл. Сонда деймін ғой, қалтасындағы ақшасын айыппұл төлеуге жұмсағанша басқа қажетіне жаратып, тәртіп сақтап жүрсе өзіне де, өзгеге де жақсы емес пе. Бірақ…
Олай болмай тұр өкінішке қарай. 23 ақпан күні Өскеменде 10 ереже бұзу фактісі анықталды. Азық-түліктік емес дүкендердің сатушылары маскалық режимді сақтамаған.
Ал Семейде маскалық режимді бұзу бойынша 5 жағдай тіркелді. 933 440 теңге болатын 8 хаттама толтырылып, 175 020 теңгене 4 айыппұл салынды.
Үржар ауданында жеке тұлғаға санитарлық талапты бұзғаны үшін 1 айыппұл салынған.
Шемонайха ауданында шектеу шараларын бұзудың 1 жағдайы тіркелді. Выдриха ауылының тұрғыны Плаксин Сергей Центральная көшесінде орналасқан «Восток» дүкенінде маскасыз жүрген.
Балауса Мэлсқызы