Қоғам

Тағы бір саябақ ашылады

Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданды абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасатын болады.

Еске салайық, бұған дейін ол жерде «Өскемен» аллеясы салынып, Тәуелсіздік монументі бой көтерген болатын.
Биыл аталмыш шағын ауданда тағы бір демалыс аймағы – сужаңа саябақ пайда болмақ. Жаңа саябаққа Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар мәлім етті.

– Қазір жаңа саябақтағы құрылыс жұмыстары қызып тұр. Бір жарым айдың ішінде бұл жұмыстарды да аяқтайтын боламыз. Жаңа демалыс аймағы «Өскемен» аллеясының жалғасы болады, – деп түсіндірді қала әкімі.

Оның айтуынша, саябақтың жалпы ауданы 1,5 гектарды құрамақ. Бұл аумақта жарықтандыру тіректері орнатылып, 370 көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Сол сияқты, демалыс орнының өз субұрқақтары мен веложолақтары да болады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button