Қоғам

Тағы бір бала суға кетті

Зайсан ауданының Кеңарал қыстағында 14 жастағы бозбала суға кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дерек көзі хабарлағандай, жасөспірім салт атпен терең өзеннен өтіп бара жатқан кезде абайсызда суға құлап, батып кеткен.

– Кейін белгілі болғандай, бұл кезде баланың қасында әкесі де болған. Қайғылы оқиғаның негізгі себебі –  қарапайым қауіпсіздік талаптарының сақталмауы. Көп ұзамай оқиға орнына жеткен облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері батып кеткен жасөспірімнің денесін судан алып шықты, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Осы ретте, ТЖД мамандары облыс тұрғындарына өзен-көлдерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде тағы бір мәрте ескертеді.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button