«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» акциясы өтеді

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Мереке қарсаңында түрлі акциялар мен челлендждер басталды. Солардың бірі, “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция Қазақстанда 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Бибігүл Шағиева айтып өткендей, әр кітап өзінше ерекше. Акция арқылы біз жерлестеріміздің шығармаларын оқимыз. Мысалы Ұлықбек Есдәулеттің “Киіз кітап”, Сәуле Досжанның “Қасірет пен тағдыр” романы, Думан Рамазанның “Пешене” жинағымен, Марат Қабанбаевтың “Саяхатшы Тити” атты туындысы.
– Сонымен қатар, биыл белгілі қазақ ұстазы, ағартушы, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Сондықтан, осы республикалық акция аясында кітапханада білімнің құдіреті туралы шығарма “Өнер – білім бар жұрттар” туындысы ұсынылды, – деді Бибігүл Шагиева.
Айта кетейік, кітаптарды онлайн режимде Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасының сайтынан табуға және оқуға болады.
Didar ақпарат