Қоғам

Тәуелсіз Қазақстанның символы

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Ертең елімізде Астана күні аталып өтілуде. Бұл – мемлекетіміздегі әрбір азамат үшін айырықша мәні бар мереке, өйткені біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында ғана Еуразия жүрегінде ғасырлық дәстүр мен заманауи сәулет өнерін үйлестірген қарқынды дамып келе жатқан шаһар бой көтерді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан – әлемдік аренада танымал қала, себебі дәл осы жерде жаһандық ауқымдағы саяси оқиғалар өтіп жатады. ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ саммиттері, ЭКСПО-2017 көрмесі, Азия ойындары, Астана бітімгершілік процесі – осының барлығы біздің елордамен тығыз байланысты.

Нұр-Сұлтан – еліміздің мәдени, саяси, білім беру және экономикалық орталығы. Мұнда ең үздік университеттер мен медициналық клиникалар, ерекше мұражайлар мен театрлар, көптеген көрнекті орындар бар.

Біздің елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, осы күні баршаңызға бақ-береке, игілік, бақыт және толағай табыс тілеймін!

Даниал Ахметов,  Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button