Руханият

Табыс кепілі – бірлікте

Д. Қасенов

Қазіргі Қазақстан – конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту қазақстандық қоғам тұрақтылығының бұлжымас шарты болып табылатын көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы мемлекет.

“Конфессияаралық келісім” термині баршамызға таныс. Бірақ біз оның терең мағынасы туралы жиі ойланамыз ба? Өзгермелі әлем жағдайында еліміздің табысты дамуының кепілі болып табылатын осы  нәзік құндылықтарды сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінеміз бе?

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту басты мәселелердің қатарында келеді. Барлық азаматтардың мүдделерін қорғауға елдің негізгі заңы – Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ біздің елімізде діни сенім бостандығына кепілдік берілген және діннің мемлекеттен бөлінуі жарияланады.

Конституцияның ережелері негізінде 2011 жылы қабылданған “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заң қолданылады. Ол азаматтардың негізгі заңда, халықаралық актілерде және адам құқықтары туралы келісімдерде бекітілген ар-ождан бостандығы құқығын іске асырудың құқықтық тетігі болып табылады. Әрбір азамат қай дінге жататынына қарамастан, Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандықтарға ие болады және оларды толық пайдаланады.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде дәстүрлі, сондай-ақ жаңа діндер ұсынған еліміздің конфессиялық саналуандығы мемлекеттегі қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: “Тәуелсіздік жылдарында “Әралуандықтағы бірлік” негізгі қағидаты Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінің кең палитрасын біздің баға жетпес игілігімізге айналдырды. Ынтымақтастық, бірлік, патриотизм ұлттық кодтың өзегіне айналды” деп атап өткен болатын.

Бүгінгі таңда біз барлық конфессиялар қолдайтын дінаралық бірлік – дұрыс мемлекеттік саясаттың нәтижесі екенін көріп отырмыз. Еліміз бүкіл әлемге өзінің этносаралық және конфессияаралық келісімімен, ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілікті, әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сенімді сақтай білуімен танымал. Көптеген елдер үшін біздің мемлекетіміз түрлі этностық және діни топтардың өзара қарым-қатынасының оң үлгісі саналады.

Бірлік пен келісім бір рет және мәңгілікке сыйланған игіліктер емес екенін түсіну маңызды. Оларды сақтау үшін үлкен күш салу керек. Қазіргі кезде әрбір қазақстандықтың алдында тұрған бірінші кезектегі міндет – ұлттық бірлік пен келісімді нығайту. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Олар бізге діни көзқарасқа қарамастан, болашағы жарқын біртұтас ұлт екенімізді түсінуге көмектеседі.

– Этносаралық және конфессияаралық келісім – біздің баға жетпес қазынамыз. Біз мемлекеттің болашағы үшін ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға міндеттіміз, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында.

(Мақала Шығыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша әзірленді)

Осы айдарда

Back to top button