Қоғам

Табиғат аясында демалады

 Облысымызда әртүрлі әлеуметтік топтардағы балалардың сауығуына, жазғы демалысына және бос уақытын тиімді өткізуге үлкен көңіл бөлінуде.  Ұлан ауданының Төменгі Тайынты ауылында орналасқан “Үміт” балалар үйінің “Царская Долина” лагерінде жазғы сауықтыру маусымы  ресми түрде ашылды.

“Үміт” балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаңа маусымның ашылуы салтанатты жиын түрінде өтті, онда балалар өздерінің таланттары мен қабілеттерін көрсетті. Балалар мен педагогтарды Өскемен қалалық мәслихат депутаты және Amanat партиясы қалалық филиалынан атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова құттықтады. «Балалар, сіздерді жазғы маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулық пен жақсы демалыс тілеймін. Жаңа оқу жылына күш жинаңыздар», – деп атап өтті Арайлым Есімбекова.

Мереке «Тайынты кештері» ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты, онда балалар түрлі конкурстарға қатысып, көңілді өткізді.  «Біз жыл сайын осы әдемі жерге келіп, әр жолы жаңа бір нәрсе ойлап табамыз. Лагерьде ешкім бос отырмайды, біреу спортпен шұғылданады, ойнайды және кітап оқиды. Мен негізінен би билеуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жақсы көремін», – дейді  “Үміт” балалар үйінің тәрбиеленушісі Кристина Шатух.

Сауықтыру лагерінің жетекшісі Гүлжан Салықбаеваның айтуынша, балаларға таза ауада демалу өте маңызды. «Біздің лагерь керемет жерде орналасқан, таулармен, қарағайлармен және көлдермен көмкерілген, мұнда барлық табиғат алақандағыдай. Күзгі және қысқы демалыс кезінде балалардың демалуға уақыты жоқ, ал жаз – бұл барлық балалардың асыға күтетін жыл мезгілі. Лагерьдегі балаларға бәрі ұнайды, оларға шығармашылық әлеуетті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер берілген. Олар  барлық  іс-шараларды өздері ойлап табады, ал біз оларға көмектесеміз», – деді лагерь жетекшісі. Іс-шара соңы балалардың би кешімен жалғасты.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Осы айдарда

Back to top button