Экономика
Табиғи газды өңдейтін зауыт салынады
Зайсан өңірінде табиғи газды ел игілігіне жарату бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қазір бұл мақсатта жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде болжам бойынша аймағымызда 5 миллиард 200 миллион текше метр газ қоры анықталды. Алдағы сәуір айында оны игеруге арналған шаруалар басталады. Жоспар бойынша аудандағы 24 елді мекен газбен қамтылады деп есептелсе, соның ішіндегі Зайсан қаласымен бірге он ауыл алғашқы кезекте өз өніміміздің тұтынушысы болмақ.
Аудан орталығынан биыл табиғи газды кәдеге жаратуға арналған арнайы зауыт салу көзделіп отыр. Бұған қажетті қаражат көршілес Қытай елінен бөлінеді.
Шығыс-Ақпарат